КӨШЕРБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІНЕ КӨЛІК МІНГІЗДІ

КӨШЕРБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІНЕ КӨЛІК МІНГІЗДІ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Германия және Қытай мемлекеттерінде өткен спорттық додалардың күміс жүлдегерлерімен кездесті. Облыс әкімі халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған Қамшыбек Қоңқабаевқа автокөліктің, Рүстем Сыбайға 2 млн теңгенің, ал олардың бапкерлеріне 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.   Облыс әкімі спортшыларды жеңістерімен құттықтап, Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарында және 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада сәттілік тіледі,– деп жазады syrboyi.kz. «Еңбексіз жеңіс те болмайды. Қос спортшының жүлдесі жастардың жігерін жандырып, жаңа биіктерге жетелейді. Көптеген жасөспірімдер спортқа ынтығатын болады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесінің жоғары екендігін дәлелдеп,…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне уақытша көрмеге қою үшін этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Хабар 24.kz  музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінен этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тапсыру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл коллекциядағы негізгі бұйым ретінде мен ұлттық әйел киімін айта аламын. Өйткені киімді, әсіресе әйел киімін кез келген ұлттың тұрмысы мен салт-дәстүрінің айнасы деуге болады. Бүгінгі біз сыйға тартып отырған коллекция музейге келушілерге Беларусь елінің…

Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҒАНИ МҰРАТБАЕВ» АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҒАНИ МҰРАТБАЕВ» АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер Республикалық «Ғани Мұратбаев» атын­дағы жастар сыйлығы (бұдан әрі — Сыйлық) қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.   Сыйлықты беру тәртібі   Сыйлықты беру мақсаттары: 1) Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету; 2) Жастарды жан-жақты дамыту және қазақ тілін, мәдениетті, өнерді, дәстүрлерді, тарихи мұраны жастар ортасында насихаттау; 3) Қазақстанның жас патриоты бейнесін көпшілікке тарату. Сыйақыларды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру рәсімі шығыс жастарының жалынды жетекшісі…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰМЫТ БОЛЫП БАРАДЫ

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰМЫТ БОЛЫП БАРАДЫ

Рухани жаңғырудың бір парасы – өзімізге ғана тән ұлттық құндылықтардың қасиетін кетірмеу, маңыздылығын жоймау. Мәселен, заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдарымыз ұмыт қалып жатқаны рас. Кейбірінің дәмін татып көрмек түгілі, жасалу жолынан бейхабармыз. Өкініштісі, үйдегі үлкендердің де көнеден келе жатқан тағамдарымыздың көбісін біле бермейтіндігі. Ұлттық тағамдарымызды наурыз мерекесі кезінде ғана дәріптеп, дастарханымызға қойып жататынымыз ащы да болса шындық. Бүгін біз ұмытыла бастаған ұлттық тағамдардың бірнешеуін еске түсіріп, сіздермен ой бөліспекміз. Ертеректе, малдың миынан әзірленетін мипалау деген сұйық ас болған. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын…

Толығырақ

ӨРКЕНДЕЙ ТҮС, ТУҒАН ЖЕР

ӨРКЕНДЕЙ ТҮС, ТУҒАН ЖЕР

Туған жер. Туған ел. Осы екі ауыз сөзде қаншама мағына керемет құдірет жатыр десеңізші?! Әр адамның жанына ыстық ұғым. Ол ата-бабалары, ата-анасы мекен еткен ордасы. Сондай киелі, ескі қалалардың бірі, менің туылған жерім – Қазалы. Ол дегенде жүрегім елжіреп, топырағының өзі ыстық болып көрінеді. Қазалы деп аталуының өзі қызық. Бір деректерде «қаза» деп айтылатын балық аулау жабдығы атынан шыққан болса, енді біреулері мұнда әділқазылығымен халыққа жаққан бір адамға байланыс­ты «Қазы» атанып, кейін Қазалы болып өзгерген дейді. Тағы бір пайым бойынша ертеде осы өлкеде шалқыған көл болған. Көл беті жүзген аққу…

Толығырақ

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚАС ЖАУЛАРЫ немесе қаржы табудың көздері

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚАС ЖАУЛАРЫ немесе қаржы табудың көздері

Мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялық типоллогиясын жасау жолында талайлар тер төкті. Мәдениеттердің түр-түрін ақпарат тасымалдау көзінің өзгерістерімен байланыстыратын ғалымдардың ішін­дегі ең танымал әрі ең беделді деген зерттеушілерге келетін болсақ, солардың арасынан Маршал Маклюэнге ерекше тоқталып өткен абзал болар еді. Оның әлемге танымал еңбегінің концепциясында «Бар мәселе – БАҚ-та!» –деген ұстын жатыр. Бүгінде журналистика қоғам өмірінің барлық саласын қамтып отыр. Жуырда ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында ХІV Еуразиялық медиа-форум өтті. Бұл жолы форумға әлем елдерінен 60-тан аса халықаралық журналистер, саясаткерлер, сарапшылар, танымал экономистер қатысты. Бұл жолы да форум тақырыбына журналистік ауаннан тыс «Ымыраға…

Толығырақ

МЕНІҢ АСТАНАМ – БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

МЕНІҢ АСТАНАМ – БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Биыл 13 шілде күні Лақалы ауылындағы №93 орта мектептен Астана қаласындағы Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО – 2017» көрмесіне көп балалы отбасы­лардың атынан барып-қайту үшін жеті оқушы таңертең автобусқа отырып, аудан орталығына келгенбіз. Сөйтсек, аталмыш көрмеге біздерден де басқа жүзден астам оқушы барады екен. Вокзал жанына жиналған жас туристерді аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Тайберген Әбжәлел ағай құттықтап, сөз сөйледі. Аталмыш көрмеге барып келген бір топ студенттер ойларын ортаға салып, қызықты әңгімелер айтып берді. Салтанатты шара соңында ақ шашты әже бата беріп, біздерге ақ жол тіледі. Сол күні кешкісін Қызылорда-Көкшетау пойызына отырып, Астанаға…

Толығырақ

ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСУ БӘРІН БҮЛДІРЕДІ

ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСУ БӘРІН БҮЛДІРЕДІ

Бүгінгі таңда жемқорлықпен күрес тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін де аса өзекті мәселе болып табылады. Ол барлық жерлерде, барлық кезеңдерде қоғамдасудың әртүрлі нысандарында орын алып отырған қоғамдық індет. Оны түбегейлі жою мүмкін болмаса да қоғамдық бақылауды күшейту арқылы, атқарушы және заң шығарушы биліктердің ортақ қағидаттарына негізделген күрес пен сот билігінің әділдігі арқылы ғана белгілі дәрежеде шектеп, жаппай көрініс беруін тыюға болады. Ал жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрестің ерекше белгісі өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы орналасқан лауазымдық беделін пайдалану жолымен жасалады. Сыбайлас…

Толығырақ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

Әйтеке би кентіндегі «Қожаназар ишан» мешітінің іргетасы қаланғанына биыл – 115 жыл. Осы уақыт аралығында киелі де қасиетті орын халыққа имандылық пен мұсылмандық тәрбие беруге ұйымшылдықпен атсалысып келеді. Осы орайда өткен жұмада белгілі дін өкілінің ұрпақтары, аталас туыстары жер-жерден жиналып, дастарқан жайып, ел-халықты шақырып, ас берді. Ишанның ұрпақтарының, ұстаздарының және аталмыш мешітте имамдық, тағы басқа да діни қызмет еткендердің рухына құран бағышталды. Мешіт имамы Кенжебай Берінбаев өмірі өнегеге толы тұлғаның салдырған мешітінің қазіргі хал ахуалын айтып, бұдан 115 жыл бұрынғы мешіттен Алланың жер бетіндегі сүйікті құлдарына, Пайғамбарының (с.ғ.с.) үмметіне лайық…

Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ҚАЙЫРЫМ

ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ҚАЙЫРЫМ

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі Осы міндеттер Мұратбаев ауылдық округінде де орындалды. Құрбан айттың бірінші күні  таң атқаннан кейін таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл құрбандыққа мал шалып, ауылдағы тұрмысы төмен, жалғыз басты, көп балалы отбасыларға таратылып берді және Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі мекемелер бірігіп, ауылдағы мешітке құрбандық шалып, ауыл ақсақалдары…

Толығырақ