Қазақстан мен Ресей бизнес омбудсмендерінің мақсаты бір

Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті. «Ресей Федерациясы – негізгі экономикалық серіктес. Ынтымақтастық қалыптасқан жылдар ішінде 6000-ға жуық бірлескен кәсіпорын ашылды. Ресей бизнес-омбудсмені институтымен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Мәскеуде, Атырауда кездесулер өткізіліп, кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесін қорғаудағы тәжірибе алмасу тұрақты түрді жүргізіліп келеді», – деді Қазақстан бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл шекараға жақын аймақтарда екі елдің шағын және орта…

Толығырақ

ДІЛІНЕ ҚАНАТ БАЙЛАП, МАРЖАН ТАҚҚАН

ДІЛІНЕ ҚАНАТ БАЙЛАП, МАРЖАН ТАҚҚАН

Дәстүрлі өнердің дүлдүлі, әйгілі жырау Елмұра Жаңабергенова тағдырлы да тағылымды өмір жолын кешкен жан. Бір мезгілдік сырдың қауызына сыймайтын әңгімені әріден бастасақ, Елмұра  жеті-сегіз жасында-ақ домбыра тартып, ән айтқан. Сөйтіп жүріп қатты ауырыпты. Анасы Қарамолда деген әулиеге қаратып, дем салдырғанда ол кісі «қызыңда аруақ бар» депті. «Аруағын маған көшір, қызым өкіметтің нанын жеп, өнерін ұстасын» дейді сонда анасы Қантай. Қарамолда осы өтінішті орындап қызындағы аруақты анасына көшіріпті. Ал, кішкентай Елмұраға «тұлпардың басы бол, жыраудың алды бол» деп бата беріпті. Осы бата қабыл болып, Елмұра мектепті бітірген соң Құрманғазы атындағы Алматы…

Толығырақ

ПАЙ-Й, АҚЫЛДЫҢ КАФЕСІ-АЙ!

Қайсыбір күні Алматыдан қаламгерлер келді. Бәрі де танымал. Есімдері республикадан тыс аймақтарға да жайылғандар. Атап айтсақ, Ұлықбек Есдәулет, Қуаныш Түменбай, Көпен Әмірбек. Олар біздің жерлесіміз, поэзия әміршісі атанған Жарасқан Әбірашұлының ескерткіш-мүсінінің ашылу рәсіміне шақырылғандар. Естеліктерін айтты. Жарасқан ініміз төрт жанрда  бірдей талмай қалам тербеген нағыз жыр тұлпары ғой. Содан кейін қонақтар Ж.Әбдірашұлының «Ақниет» кафесіндегі ас беру дастарханына қатысты. Орындыққа жайғасқасын зал ішін көздерімен шолып өтіп, таңдай қағып таңданыс білдірді. – Пай-й, кафелерің тамаша екен, көңіліміз жадырап сала берді ғой! Аға, Сіздердегі мейрамхананың бәрі осындай ма? – деп сауал тастады… –…

Толығырақ

ҒАРЫШТА БОЛҒАН ҚҰРАН КІТАБЫ АСТАНАДА КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Ашық ғарышта «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан. Сонндай-ақ, көрме аясында келушілерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі нұсқаларының 55 данасы ұсынылады. Көрменің басты ерекшелігі – Кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың,  XVIII-XIX ғасырлардағы жазылған түпнұсқа қолжазбалары көрсетіледі.  Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен…

Толығырақ

АЙБАРЫ АСҚАҚ – АТА ЗАҢ

АЙБАРЫ АСҚАҚ – АТА ЗАҢ

Р.Бағланова атындағы мәде­ниет орталығында Қазақстан Респу­бликасының Конституциясы күніне орай «Ата заңым – айбарым» тақы­рыбында мере­ке­лік шара өтті. Шара шымылдығы Құрманғазының «Сары­арқасымен» түрілді. Одан әрі Мемлекетіміздің Гимні орындалып, Мемлекеттік Ту сахна төріне көтерілді. Қазалы ауданының әкімі Н.Шамұратов тұрғындарды мерекемен құттықтап, жүрек­жарды лебізін арнады. Осы кезге дейін аудан көлемінде атқарылған ауқымды істер мен тындырымды тірліктерді тілге тиек етті. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі Ата Заңымызда бүкіл азаматтық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Конституция біздің…

Толығырақ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Биыл Қазалы қаласының атауына 150 жыл толу мерейтойы атап өтілмек. Осыған орай жуырда Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов қала тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы мерейтой қарсаңында ескі шаһарда атқарылып жатқан істер туралы айтып, мерейлі күнді жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Тұрғындарды қала көлеміндегі тазалық жұмыстарын мұқият жүргізіп, үлес қосуға үндеді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген. Ғасырдан астам тарихы бар қаланың мерейлі мерейтойы қарсаңында сәулеттік келбеті жақсарып, әзірлік жұмыстары жандана түсті. Көшелер жарықтандырылып, көлік қозғалысын реттейтін бағдаршамдар қойылды. Бұрынғы «Ардагерлер алаңы» жаңартылып, көркейтілу үстінде. Бұл маңайға енді тойдың сәнін келтіре түсетін еңселі…

Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖОЛДЫҢ» ШАПАҒАТЫ

«НҰРЛЫ ЖОЛДЫҢ» ШАПАҒАТЫ

Бүгінде тұрғындардың әлеуетін көтеру және де елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы жан—жақты іске асырылуда. Өңірлердегі экономикалық жағдай ілгерілеп, көпшіліктің ең бірінші қажет етіп отырған мәселелері кезектілігімен шешілуде. Негізінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Бағдарлама елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған. Макроөңірлерді дамыту және ықпалдастыруда көліктік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдар тиімді дамытылады. Бұл еңбек нарығына және қалалардың…

Толығырақ