ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ЖАМПОЗ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ЖАМПОЗ

Қазалы күрес мектебі жыл сайын көптеген боз кілемнің серке саңлақтарын тәрбиелеп келеді. Жуырда №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі – Дәурен Орынбай белбеу күресінен Атырау қаласында өткен ҚР ашық біріншілігінде 90 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль еншіледі. Бала күнінен спорттың дзюдо, қазақ күресі секілді түрлерімен айналысқан Дәурен облыстық, республикалық жарыстардың да жүлдесін иеленген. Алдағы уақытта Ташкент қаласында өтетін әлем біріншілігіне дайындық үстінде. Жас балуанның биік белестерді бағындыруына себепкер болып жүрген спорт мектебінің директоры Қуанған Бәкен мен бапкері Айболат Әбеновтің де еңбегі зор екенін айту ләзім. Қазалы ауданының…

Толығырақ

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ЖҮЙКЕНІ САУЫҚТЫРАДЫ

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ЖҮЙКЕНІ САУЫҚТЫРАДЫ

Грек жаңғағы – қос жарнақты көп жылдық ағаш қатарына кіреді. Дүние жүзінде оның 20, кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық түрі бар. Қазақстанда грек жаңғағы және қара жаңғақ өседі. Ал, Орталық Азия мен Қытай және Жапонияда жабайы өскендері кездеседі. Бұтақтары өте биік 20-30, діңінің жуандығы 1,5-2 метрге жетеді. Грек жаңғағы жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді келетін дақыл. Бір қызығы, бұл жеміс ағашы 400 жылдай өседі және 150-200 жылға дейін өнім бере алады. Бір ағаштан жылына 65-100, кейде 200-300 келі жеміс алынады. Құнарының жоғарылығы сонша дәнінің құрамында 55-77% май, 18-21%…

Толығырақ

БІР УЫС ҚАМЫСПЕН-АҚ ТӘЛІМ СОҚҚАН

Бір уыс қамыспен-ақ тəлім соққан, Бұл қазақ текті халық əлімсақтан. Ұмайды пір тұтатын ұлы ел едік, Арулар қайдан шықты тəнін сатқан?   Жалғанның ашылуда араны əлі, Ұмыттық Адам Ата, Хауа Ананы. «Бала – бақыт» дейтін ек, бұл күндері, Оңай тастап кетеміз шарананы. (Өзекке теуіп ана өз баласын, Болып жатыр шайтанның қалағаны).   «Жетімдердің үйлерін» санарымда, Жабығып, жас іркиді жанарымда. Көрінген көк аттыға ілеседі, Батырып кей бұрымды нала-мұңға. Тəлімсіз сол қыздардың кім айтады, Жұмақтың кілті бар деп табанында.   Əкетті арбауына заман түрлі, Батыстың баурауына санам тұнды. Аулақта ар мен намыс…

Толығырақ

КӨКПАР – ҚАЗАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

КӨКПАР – ҚАЗАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Бүкіл адамзат тарихында қасиетті жылқы малын ең алғаш болып түркі жұрты ырқына көндірген екен. Ал, тарихқа көз жүгіртер болсақ түркі халқының атажұрты – қазақ елі. Бұл туралы ғалымдар да  бірауызды пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Тіпті, Страбонның естеліктерінде көшпенділер ас ішсе де, ұйықтаса да ат үстінен түспейтіні жайлы айтылады. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Көшпенді қазақ халқының қария ғұмырын қасиетті жылқы малынан бөлек алып елестету мүмкін емес. Тіпті, енді ғана тәй-тәй басқан…

Толығырақ

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІ МӘҢГІЛІК

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІ МӘҢГІЛІК

Халқымызда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген тамаша сөз бар. Соңында өнегелі із қалдырған ата-бабаларымыздың бейнесі қанша уақыт өтсе де ұрпақтардың жадында жаңғырып, алыстаған сайын биіктей түсері анық. Саналы ғұмырын Отан қорғауға, еліне қызмет етіп, ұрпақ тәрбиелеуге арнаған майдангер ұстаз Сәду Тасмағанбетов 1924 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы (бұрынғы Энгельс) ауылындағы Аранды жерінде дүниеге келген. Енді ержете бастағанда сұрапыл соғыс келіп килікті. «Соғыс басталғанда 16 жаста едім. Он алты жасымда Орал тауында жұмыс істеп, сол жақта жүріп соғысқа аттандым. 1942 жылы майданға алынғанда жасым 17-де еді. Жеті кластық білімім…

Толығырақ

АБАЙ, ШӘКӘРІМ, СӘБИТ, СҰЛТАНМАХМҰТ, ҚАНЫШ – ТӨРЕЛІК СОТ БОЛҒАН

АБАЙ, ШӘКӘРІМ, СӘБИТ, СҰЛТАНМАХМҰТ,  ҚАНЫШ – ТӨРЕЛІК СОТ БОЛҒАН

(Соңы. Басы өткен санда) Алаш арысы, от ауыз, орақ тілді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың арғы атасы Торайғыр бидің ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам болған. Міне, осыны ескерсек, оның сот саласына келуін кездейсоқ деуге болмас. Мұрағаттан табылған 1920 жылы жасалған «Список қандидатов на должности киргизских судов» атты құжатта Павлодар уезінің халық судьясы ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыров керсетілсе, осы жылдың маусым айында әзірленген тағы бір қатынаста «Баян ауыл учаскесінің халық судьясы Сәбит Дөнентаев өз міндеттерін атқаруға кірісті» деп жазылған. 1921 жылғы күзде Қаныш  Сәтбаев оқуын жалғастыру үшін…

Толығырақ

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Халықтың сұранысын өтеу – мерейлі міндет. Осы мақсатта аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі бірлесе отырып, өткен сенбіде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырды. Әйтеке би кентіндегі Әйтеке би мен М.Шоқай көшелері қиылысындағы тұрғындар талғамынан шыққан шараға ауданымыздағы барлық ауылдық округтер мен бірқатар кәсіпкерлік құрылымдар ұйымшылдықпен қатысып, белсенділік көрсетті. Онда «РЗА» АҚ-ның айран, сүт, құрты, Қазалы қаласындағы конфет цехының өнімдері қойылды. Шәкен, Сарыкөл, Мұратбаев, Құмжиек, Майлыбас ауылдық округінен әкелінген тоқтылар 15-20 мың, лақтар 10 мыңнан, Көларықтан келген автокөлікке тиелген мал азығындық пішен 110 мың теңгеге сатылды. Жеке…

Толығырақ

ҚОНЫС АУДАРЫП, ЖАҒДАЙЫҢДЫ ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ

ҚОНЫС АУДАРЫП, ЖАҒДАЙЫҢДЫ ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ

Халықты нәтижелі жұмыспен қам­туға жәрдемдесу және азаматтарды  кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы» іске қосылғаны белгілі. Мұнда өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңге­рімсіздікті жою үшін ерікті қоныс  аудару мүмкіндігі қарастырылған. Осыған орай Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысынан Қазалы жеріне арнайы қонақтар ат басын бұрды. Павлодар облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қараоба және Разумов ауылдық округтерінің әкімдері Шолпан Байдилдина мен Ольга Абельдинова және Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының жұмыспен қамту орталығының маманы Әсел Увольжанова халықпен кездесу өткізді. Жиында Ш.Байдилдина мен О.Абель­динова Павлодар облысының табиға­ты…

Толығырақ

ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ІС ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Сейсенбі күні аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өткізілді. Онда аудан басшысы алдымен Тасарық ауылдық округінің бұрынғы әкімі Құттыбай Ахановты зейнеткерлік жасына жетуімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Қажырлы еңбегі үшін Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттап, иығына шапан жапты. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші қойылған «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік сатып алу жұмыстарының орындалу барысы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов хабарлама жасады. Бөлім басшысының мәлімдеуінше, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес…

Толығырақ